Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы көз жұмды
Жол апаты кезінде Toyota Camry көлігіндегі 4 жолаушы қаза болды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 3 тамыз күні сағат 01:30 шамасында болған. Ақтөбе-Атырау тасжолының Алға қаласына жақын маңда Toyota Camry және Toyota Highlander көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы көз жұмды.
"Тoyota Camry көлігінің жүргізушісі мен Highlander көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық көпсалалы ауруханасында екі адам ем қабылдап жатыр.
Ол Toyota Highlander көлігінің жүргізушісі мен жолаушы. Екеуі де нейрохирургия және политравма бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жолаушы сол күні-ақ облыс орталығына жеткізілсе, жүргізуші алдымен Алға аудандық ауруханасында ем қабылдап, кейін ғана ауыстырылды. Ал Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Алға аудандық ауруханасында Алға аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматы қуыршақ театры Шекспир фестиваліне жолдама алды