Алматы маңында тіркелген дүмпу тұрғындарға қауіп төндірген жоқ - ТЖД

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сейсмикалық оқиға туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сейсмодатчиктердің деректері бойынша Қырғызстан аумағында Алматыдан 135 км  қашықтықта  оңтүстік батысқа қарай сейсмикалық оқиға тіркелді, ол халық пен инфрақұрылым нысандарына қауіп төндірмеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сейсмикалық оқиға туралы хабарлама автоматты түрде қалыптастырылды.

Бұл хабарлама жүйенің тестілік-іс режимінде жұмыс істейтін бір бөлігі, сондай-ақ қате емес.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының датчиктері мен жабдықтарын MassAlert жаппай хабарлау жүйесіне интеграциялау жұмыстары жалғасуда. 

Мамандар сейсмикалық станциялар мен датчиктерді зерттеп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. 

«Халыққа жолданатын хабарламалар болашақта барынша нақты әрі түсінікті болуы үшін параметрлер мен алгоритмдерді нақтылау және баптау жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады

Новости партнеров