12 құрсақ көтерген әже еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады
Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп, таңдауын жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.
12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады.
«Жасым 102-ге келді. Мен референдумда Президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергенмін. Бүгін міне тағы да келдім. Бүгінгі маңызды күнде дауысымыздың аса құнды, пікіріміздің алтыннан қымбат екендігін ұмытпасақ игі еді. Себебі халық мемлекеттің басты қозғаушы күші», – деп кейуана батасын берді.
Айта кетейік, бүгін, яғни 6 қазанда сағат 7:00-ден бастап республикадағы барлық дауыс беру орындарында Әнұран шырқалып, дауыс беру ресми түрде басталды.
Бүгін әр Қазақстан азаматы өз таңдауын жасауына мүмкіндік бар. Ел аумағында 10 мың 327 учаске құрылған. Тізімдегі дауыс беруге құқылы тұрғындардың саны 12 миллионнан асады.
Шекара асып шетелге шығып кеткен 12 мыңнан астам отандасымыз да азаматтық борышын өтей алады. Оларға арнап 59 мемлекетте референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
Ал Алматыда 600-ден астам сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Биыл жастардың қатысуын арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Елде тіркеуде жоқ азаматтар да референдумда дауыс бере алады. Алматыда 40 учаскеде біркүндік тіркеу пункттері ұйымдастырылды. Сонымен қатар 172 дауыс беру орындарында өзін тізімнен таппаған азаматтарға тіркеу мәртебесін тексеру үшін арнайы қызметтер орнатылған.
Сондай-ақ АЭС салу туралы референдумда дауыс беру үшін Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне келді.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы сайлау учаскесінде мемлекеттік әнұран ым тілінде орындалды