Алматы облысының киберполицейлері 170-тен астам интернет-сайтты бұғаттады
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түрлі сипаттағы 46 қылмыстық іске қатысы бар 74 күдікті анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі baribar.kz-ке сілтеме жасап.
Операция барысында ақша қаражатының заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды. Киберкеңістіктің тұрақты мониторингі нәтижесінде алаяқтық әрекетті жүзеге асырған 177 жалған интернет-сайтты бұғаттауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар киберқылмысқа күдікті 56 адамның шоттары жабылып, зардап шеккендерге 36 миллион 462 мың теңге сомадағы ақшалай қаражат қайтарылды, — деді Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.
Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасының жаңа капитаны қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді