Қазақстан құрамасының жаңа капитаны қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны Айбек Оралбай Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдәлдиевті еске алуға арналған турнирде жекпе-жек өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

92 келіден аса салмақтағы 1/8 финалда Айбектің қарсыласы украиналық Кирилл Стоянцев болды. Бұл кездесуде қазақ боксшы бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі Массагетке сілтеме жасап.

Енді Айбек 2 қазанда өтетін 1/4 финалда түркиялық Айдемир Угурмен жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Айбек Париж Олимпиадасынан кейін салмақ категориясын ауыстырды, бұған дейін ол 92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан. 

Сонымен қоса, ол Асыланбек Шымбергеновтің орнына бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болды. 

Оқи отырыңыз: Алматыда алғаш рет теннистен ATP 250 турнирі өтеді

Новости партнеров