Алматы облысында алаяқтықпен айналысқан дропперлер тобын ұсталды

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қылмыстық схеманың үш ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Telegram мессенджері арқылы алаяқтықпен айналысқан топты құрықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық схеманың үш ұйымдастырушысы мен алты дроппер анықталды. 

"2024 жылғы желтоқсаннан бастап жетекші, өз атына немесе үшінші тұлғаларға банк карталарын ресімдеген 15-тен астам дроппер-тұлғалардан тұратын желіні басқарған. Осы шоттар арқылы 100 миллион теңгеден астам сомаға 500-ден астам операция өтті. Әрбір транзакция үшін жетекші комиссияның 5% алып отырған, бұл оған 10 миллион теңгеден астам пайда әкелді", – деп атап өтті киберполицейлер. 

Қылмыстық схеманың үш ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде. 

Полиция азаматтарды қырағы болуға және банктік деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Күдікті қаржылық операциялар анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Оқи отырыңыз: Алматыда тіркелген мопед саны 5 мыңнан асты

Новости партнеров