Аталған дерекке қатысты полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
Алматы облысының прокуратурасы Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында жас балаға иттердің шабуыл жасауы фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ведомство хабарлағандай, алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған иттер адамдарға әртүрлі тәуелділіктерден емдеу көмегін көрсететін жекеменшік оңалту орталығының аумағында ұсталған.
«Тергеу аясында оңалту орталығының үй жануарларын ұстау ережелерін сақталуына құқықтық баға берілетін болады. Кінәлі тұлғалар заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады», - делінген хабарламада.
Істің тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауына алынды.
Оқи отырыңыз: "Қанға қақалып жатты": Алматы облысында баланы ит талап өлтіре жаздады