Алматы облысында екі өрт сөндіру пункті ашылды

Әр нысан екі бірлік техникамен қамтылып, 8 елдімекеннің қауіпсіздігін қориды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мереке қарсаңында Алматы облысында екі бірдей өрт сөндіру пункті ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ел игіліне берілген бөлімшелер Іле, Талғар ауданындағы Мұхамеджан Түймебаев, Тұздыбастау ауылдарында орналасқан. Әр нысан екі бірлік техникамен қамтылып, 8 елдімекеннің қауіпсіздігін қориды. Ғимараттың өзінде өрт техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, асхана, жуынатын орын қарастырылған.

Айта кетейік, аталған өрт сөндіру пункттері «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында демеушілердің қаражаты есебінен салынған.

«Өрт, су – тідсіз жау, қазақ бекер айтпаған. Құдай сақтасын! Біз өте қуаныштымыз, ауыл халқы дән риза! Рахмет айтамыз!», – деді облыс тұрғыны Раушан Қабылжанова.

«Біздің ауылда жылда 1-2 жағдай орын алатын. Әсіресе, жазда үйлер өртенеді. Адамдар қиыншылыққа ұшырайды. Бүгін бекет ашылып жатыр, елдің игілігіне қызмет етеді, апаттар азаяды деп ойлаймын. Ел қуанып жатыр», – деді облыс тұрғыны Асқар Жабағиев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ірі қара малды өсіруде австралиялық технология қолданылмақ

Новости партнеров