Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

polisia.kz
polisia.kz

Күдікті қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы есірткіге қарсы күрес полицейлері он үшінші есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Талғар ауданында жалдамалы үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады. 

«Тексеру барысында 336 грамм мефедрон психотроптық заты, 36 келіден астам прекурсорлар, сонымен бірге 1 канистр тұз қышқылы және химиялық заттарды синтездеуге арналған реагенттер табылып, тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – дейді полицияда.   

Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуына қатысты барлық белгілі фактілерді аумақтық ішкі істер органдарына немесе «102» нөміріне хабарлау қажеттігін еске салады.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті 

Новости партнеров