Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі
Өңірде 368 мерекелік іс-шара жоспарланған, олар барлық ауданда өтеді
Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мерекелік шаралар өтеді. Қонақтар үшін театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, концерттер мен ерекше мәдени перформанстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
“Наурыз – бұл тек халықтық мереке ғана емес, бұл – жаңару мен бірліктің, ұрпақтар сабақтастығының символы. Біз бұл мейрамды өңір тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше әрі есте қаларлықтай етуге бар күшімізді саламыз”, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым.
Биыл Наурыз мерекесі он күнге созылатын ерекше марафон форматында өтеді. Әр күннің өзіндік тақырыбы мен мазмұны бар:
- 14 наурыз – Көрісу күні (татулық пен бірліктің символы)
- 15 наурыз – Қайырымдылық күні
- 16 наурыз – Мәдениет пен дәстүр күні
- 17 наурыз – Отбасы және ұрпақтар сабақтастығы күні
- 19 наурыз – Жаңару күні
- 20 наурыз – Ұлттық спорт күні
- 21 наурыз – Бірлік күні
- 22 наурыз – Жыл басы (Наурыз мерекесінің басты күні)
- 23 наурыз – Тазалық күні
Жалпы өңірде 368 мерекелік іс-шара жоспарланған, олар барлық ауданда өтеді.
Мерекенің негізгі тойланатын үш басты орны анықталды:
- Орталық алаң – мұнда 25 қазақы киіз үй тігіліп, қонақтар ұлттық салт-дәстүрлермен таныса алады. Келушілерге қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылып, ал басты сахнада Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.
- Қонаев көшесі – бұл алаңда қолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады.
- Б. Соқпақбаев атындағы қалалық парк – мұнда қазақша күрес, асық ату, гір тасын көтеру сияқты ұлттық ойындар өтеді. Сондай-ақ, қонақтар үшін арнайы фотозоналар, аниматорлар мен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы әзірленген.
Оқи отырыңыз: Алматыда бәйшешек гүлдеді