Алматы облысында тауда жоғалып кеткен турист табылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ол биік таулы аймақта бағытынан жаңылып, байланыссыз қалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында тауға шыққан туристердің бірі жоғалып, құтқарушылар оны аман-есен тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Оқиға Қарасай ауданы аумағындағы Сәтбаев шыңы маңында, теңіз деңгейінен 4300 метр биіктікте болған. Алты адамнан құралған топтың бірі белгісіз себеппен кері оралмай, байланысқа шықпай қалған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол биік таулы аймақта бағытынан жаңылып, байланыссыз қалған.

Дабыл түскеннен кейін ТЖМ-нің Республикалық «Барыс» жедел-құтқару жасағы мен Алматы қалалық ТЖД құтқарушылары бірлесіп, іздестіру жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар түнгі уақытта қауіпті таулы беткейлермен жүріп, аумақты жіті тексерген.

Нәтижесінде жоғалған азамат Советов шыңының етегіндегі «Качели» аумағынан табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық болып, медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар күрделі жағдайға қарамастан, туристі жедел түрде төменге түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында тұрғындарға медициналық көмек көрсетті

Новости партнеров