Almaty Puppet Festival Алматыда халықаралық қуыршақ фестивалі өз мәресіне жетті

4 күнге жалғасқан іс-шарада көрермендер ерекше қойылымдарды тамашалады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Республика күніне орай ұйымдастырылған ІІ халықаралық қуыршақ фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқауға Қытай, Польша, Чехия, Болгария, Грузия, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Ресей және Қазақстанның 15 театр ұжымы қатысты. 4 күнге жалғасқан іс-шарада көрермендер ерекше қойылымдарды тамашалады. Фестиваль аясында үздік режиссер, үздік спектакль анықталып, арнайы сыйлық табысталды.

"Almaty Puppet Festival екінші рет өткізіліп жатыр. Төрт күннің ішінде 11 мемлекеттен керемет туындыларды алматылық кішкентай көрермен тамашалады", – деді Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Әбдірахманов.                                           

Оқи отырыңыз:Республика күні: Наурызбай ауданындағы мерекелік концертті ту көтерген сарбаздар ашты 

Новости партнеров