Алматы саябақтарында бұзақылық жасаған жасөспірімдер елден шығарылуы мүмкін

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Медеу және Алмалы аудандық полиция басқармалары құқық бұзушыларды ел аумағынан шығару мәселесін қарастырып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы қоғамдық орындарда тұрғындарға тиісіп, мазасын алған бір топ жасөспірім құрықталды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан олардың саябақ қонақтарына агрессивті мінез көрсетіп, жеке заттары мен сусындарын тартып алуға әрекет жасағанын көруге болады. Оқиғаға байланысты Медеу және Алмалы аудандарының полиция басқармалары жедел тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде құқық бұзушылардың Тәжікстан азаматтары екені белгілі болды. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арнайы бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Қабылданған шаралар:

  • Әкімшілік жауапкершілік: Жасөспірімдердің заңды өкілдері бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны және өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

  • Бейімдеу орталығы: Тәртіп бұзушылар оқшауланып, оқиғаның мән-жайы толық анықталуда.

  • Елден шығару: Құзырлы органдар аталған азаматтарды Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлеп шығару (депортациялау) бойынша тиісті құжаттарды дайындап жатыр.

Алматы қалалық Полиция департаменті қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау күшейтілгенін және кез келген заңсыз әрекетке қатаң шара қолданылатынын ескертеді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығы басты назарда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 303 зертхана жұмыс істеп тұр: ғылым мен бизнестің интеграциясы

Новости партнеров