Алматы тауларында құтқарушылар ер адамды эвакуациялады

21.09.2025 08:54

Ер адамға медициналық көмек қажет болған жоқ

Видеодан кадр

Алматы тауларында құтқарушылар ер адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1991 жылы туған ер адамға көмек көрсету үшін Медеу ауданындағы теңіз деңгейінен 3337 метр биіктікке, Титов көлінің маңына шақыртуға шыққан.

"Ер адам таулы аймақтан өздігінен түсе алмаған және көмекке мұқтаж болған", - делінген хабарламада.

ТЖМ РЖҚЖ күштері зардап шеккен азамат сәтті эвакуациялады. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Оқи отырыңыз: Кей өңірде үсік жауады: бүгінгі ауа райы болжамы