Алматы тауларындағы ерекше қорғалатын аймақтарға баруға уақытша шектеу қойылды

Жаз маусымы басталғалы таулы аймақта 11 орман өрті тіркелді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тауларында өрт қаупінің артуына байланысты ерекше қорғалатын аймақтарға баруға уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтеншеліктер туристерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп жатыр. Жаз маусымы басталғалы таулы аймақта 11 орман өрті болған. Әуеден бақылау арқылы оның жартысы дер кезінде анықталып, мамандар апаттың алдын алыпты. Дегенмен тілсіз жау 51 гектардан астам жерді күлге айналдырған. Бір ғана Іле-Алатау ұлттық паркінде орман өртін болдырмау ережелерін бұзған 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 9 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Ал мамандар дрон мен ұшақтан бөлек, қауіп-қатерді бағамдап, болжау үшін компьютерлік симуляцияларды қолдануға көшкен.

«Жер мен әуені қазіргі заманғы технологиялармен бақылап отырамыз. Стационарлық бақылау құралдарын, мобильді топтар квадрокоптерлерді пайдаланып, өрт сөндіру кезінде қазіргі заманғы химиялық заттарды қолданамыз. Алайда ең озық технологиялар да тәртіп пен адамның орнын баса алмайды. Сондықтан тауға шыққан әр адам жауапкершілікті өзіне алып, сақтық шараларына аса мән берсе дейміз», – деді  «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиациялық бөлімшесінің жетекшісі Бекзат Байшалов.

Оқи оырыңыз: Атырау өңірінде жыл басынан бері 8 адам суға батып кеткен

 

 

 

 

Новости партнеров