Алматы әуежайының жолаушы өткізу қабілеті 14 млн адамға артты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұрын әуежай жылына 2,5 млн жолаушыға ғана қызмет көрсете алатын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде еліміздегі аса маңызды бағыттың бірі машина жасау секторы екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің ең озық компанияларын тарта отырып, жергілікті өндірісті дамыту өзекті.

– Қазір Қазақстанда шетелдік үздік компаниялар жұмыс істейді. Мен жыл басында Астанадағы электровоз құрастыру кәсіпорнына бардым. Онда жүк және жолаушылар тасымалдайтын электровоз бен қосалқы бөлшектер шығарылып жатыр. Ең бастысы, осындай маңызды жұмысты өз мамандарымыз атқаруда. Мемлекет мұндай жобаларға жан-жақты қолдау көрсете бермек, – деді Президент.

Мемлекет басшысы әуе қатынастарын дамыту көлік саясатындағы басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

– Бүкіл ел бойынша авиация инфрақұрылымын жаңғырту үшін кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, өткен жылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар іске қосылды. Әуежайлардың өткізу қабілеті айтарлықтай артты. Бұрын Алматы әуежайы жылына 2,5 миллион жолаушыға ғана қызмет көрсете алатын. Бүгінде бұл көрсеткіш 14 миллионға дейін ұлғайды. Менің тапсырмаммен Зайсанда, Катонқарағайда және Кендірліде үш жаңа әуежай салынып жатыр. Арқалық әуежайы қалпына келтіріле бастады. Мұндай жобалардың жүзеге асуы жолаушылар нөпірін көбейтіп қана қоймайды. Сонымен қатар логистика, туризм, сауда және басқа да қосалқы салалардың дамуына серпін береді. Әуе рейстерінің географиясын кеңейту мақсатында тұрақты түрде жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз. Қазіргі кезде Қазақстанның 30-дан астам елмен тікелей әуе қатынасы бар. Бірақ бұл аз. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады, – деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін марапаттады

Новости партнеров