Алматы жастары жаңа Конституцияға орай патриоттық флешмоб өткізді

Бүгін – Қазақстан тарихындағы маңызды күн

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы жастары жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырды. Жүздеген жас Қазақстан-Британ техникалық университеті алдындағы алаңға жиналып, мемлекеттік туды жайып, Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шараға қатысқан белсенді жастардың айтуынша, бүгін – Қазақстан тарихындағы маңызды күн. Жаңа Ата Заң ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, әділеттілік, заң үстемдігі және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға берік негіз қалайды.

«Біздер жастар үшін бұл жаңа мүмкіндіктер, сонымен қатар ортақ жауапкершіліктің бастауы. Осы күнмен өз басым шын жүректен барлық жастарды құттықтаймын! Бүгін қаламыздың белсенді жастары ретінде осы қуанышты күнге орай үлкен флешмоб ұйымдастырдық. Оның аясында өз қолдауымызды және жаңа бастамаға деген қуанышымызды білдіргіміз келді», – деді Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының міндетін атқарушы Бағдат Анарбаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа Конституция аясында ғылым мен инновация бағыттары талқыланды