Алматыда 100 метрден асатын көркем сырмақ рекордтар кітабына енді

Азия мен Африка елдеріндегі рекордтарды тіркеу бөлімшесінің бас офицері қазақ қолөнершілерінің ерен еңбегін ерекше бағалады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы аспанындағы айбынды рекорд. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында шаһардағы Тұңғыш Президент саябағында бой көтерген биіктігі 11, диаметрі 20 метрден асатын алып шаңырақ әлемдік рекордтар кітабына енді. Оған арнайы тігілген ұзындығы 100 метрден асатын көркем сырмақ та көпшілік назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Азия мен Африка елдеріндегі рекордтарды тіркеу бөлімшесінің бас офицері қазақ қолөнершілерінің ерен еңбегін ерекше бағалап, Бостандық ауданының әкіміне арнайы сертификат табыстады. Тарихи сәттің куәсі болған алматылықтар көз тартар шаңырақ астында естелік суретке түсіп, ерекше әсерін бөлісті.

«112 метрге жуық сырмақ тігілген болатын, 500-ге жуық ана қатысты. Ең үлкен шаңырақ, 15-ке жуық киіз үй тігілді. Олардың әрқайсысы түрлі тақырыпта безендірілген», – деді Бостандық ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Төрежан Өтеген.

«Қазақымның дастарханы да, елі де, жері де өзіндей кең болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын, адал ниетпен құттықтаймын!» – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман.

Оқи отырыңыз: Ұлттық нақышта безендірілген ерекше аула: шымкенттік отбасы қазақ үйде тұрып келеді

Новости партнеров