Алматыда 7 мамырда өтетін альпиниадаға қатысу шарттары қандай

фото Victor Glutsenko
фото Victor Glutsenko

Қала тұрғындары мен қонақтары Панфилов батырлары шыңына көтеріле алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы альпинизм федерациясы қала тұрғындары мен қонақтарын Кіші Алматы шатқалындағы ең көркем бағыттардың бірі Панфилов батырлары шыңына (4120 м) көтерілуге шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv

Федерация хабарлауынша, қатысушылар Медеуден бастап Шымбұлақ (2200 м), Тұйық-Су шатқалы (2500 м), Мыңжылқы (3000 м), Мәншүк Мәметова мұздығы (3600 м), Мәншүк Мәметова асуы (3850 м) арқылы 4120 метр биіктіктегі шыңға көтеріледі.

Альпиниада бағдарламасы:

  • 05:30–07:30 – қатысушыларды аспалы жолмен «Шымбұлаққа» жеткізу;
  • 07:00 – Мыңжылқы (3100 м) тұсында аралық тіркеудің басталуы;
  • 12:00 – маршруттың техникалық бөлігіне (3700 м) кіру жабылады;
  • 14:00 – шыңға көтерілу тоқтатылады;
  • 18:00 – Медеу – Шымбұлақ – Медеу гондола жолы жабылады.

Старттық пакетке естелік кулон, арнайы брендтелген футболка, қатысушы нөмірі, қорғаныш каска және шыңда табысталатын атаулы сертификат кіреді.

Биыл альпиниадаға 14 жастан бастап 400 адамға дейін қатыса алады. 14-15 жастағы жасөспірімдер тек ата-анасының сүйемелдеуімен жіберіледі.

Ұйымдастырушылар барлық ниет білдірушілерді альпиниадаға қатысуға шақырады. Тіркелу алдын ала жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Ажырасу бала психикасына қалай әсер етеді

Новости партнеров