Су добынан жағажай Азиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Отандастарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандастарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесті.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ойын тең аяқталды (4:1, 6:2, 2:3, 0:1). Бірақ пенальти сериясында қазақстандықтар 2:1 есебімен басым түсіп, жеңісті суырып алды. Бұған дейін ұлттық құрама Таиландты жеңген болатын.

Айта кетейік, Саньяда су добы бәсекелері айналмалы жүйе бойынша өтуде. Ерлер арасындағы жарысқа алты құрама қатысып жатыр.

Қазақстан келесі матчын 27 сәуірде, Иран құрамасына қарсы өткізеді.  

Оқи отырыңыз: Алматыда 7 мамырда өтетін альпиниадаға қатысу шарттары қандай

Новости партнеров