Мерекелік жиында әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев жеке құрам мен ардагерлерді құттықтап сөз сөйледі
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мен Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салтанатты жиынға қылмыстық-атқару саласының ардагерлері де қатысты. Мерекені құттықтау сөзбен ашқан Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығы Е.Ұзақов қос мерекенің маңызына кеңінен тоқталды.
Мерекелік жиында әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев жеке құрам мен ардагерлерді құттықтап сөз сөйледі. Жиын барысында қызметте үздік көрсеткіштерге жеткен қызметкерлерге Ішкі істер министрлігі, Қылмыстық-атқару жүйесі және департамент басшылығының марапаттары табысталды.
Атап айтқанда ҚР Ішкі істер министрінің атынан 13 қызметкер марапатталса, оның ішінде жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің бас маманы Айдана Жанатаеваға мерзімінен бұрын әділет майоры арнаулы атағы берілді. Алатау аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Руслан Максутовқа әділет подполковнигі арнаулы атағы берілді.
Сондай-ақ ішкі істер министрінің орынбасары - қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының атынан 36 қызметкер және Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының атынын 35 қызметкер марапатталды.
Оқи отырыңыз: Жас шекарашы: Алматы облысында оқушылар ант қабылдады