Олардың зияткерлік меншік саласының дамуына және авторлық құқықты қорғауға үлес қосқаны аталып өтті
Алматыда бірқатар азаматқа Әділет министрінің алғысхаттары табысталды. Іс-шара барысында зияткерлік меншік саласының дамуына және авторлық құқықтарды қорғауға үлес қосқан авторлар мен құқық иеленушілер марапатталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Салтанатты рәсімге қалалық Әділет департаментінің басшылығы, авторлық қауымдастықтардың өкілдері және құқық иеленушілер қатысты.
Іс-шара зияткерлік меншік саласындағы еңбекті дәріптеуге және авторлық құқықтарды қорғау мәдениетін нығайтуға бағытталған.
«Автордың шығарған шығармасы – оның жеке меншігі. Қазір нарықтық кезеңде әр туындының өзіндік құны бар. Автор еңбегі бағалануы керек, тапсырыспен орындалған жұмыстар үшін де қаламақы төленуі тиіс. Бұл құқықтар сақталуы қажет», – деді «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Артық Тосанбаев.
Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жол ашады - сарапшы