Алматыда ажырасқандардың саны 40 пайызға артқан

31.07.2025 15:38

Некеге тұру 3,8%-ға сәл азайған: 2025 жылы – 9 274 неке, 2024 жылы – 9 627 неке

engin akyurt/unsplash.com/

Әділет департаменті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қаласы әділет департаментінің мәліметінше, 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда биыл жарты жылда туу деңгейі 4,08%-ға өсіп, 25 718 туу актісі тіркелген. Өлім көрсеткіші керісінше 10,2%-ға төмендеген. 

Некеге тұру 3,8%-ға сәл азайған: 2025 жылы – 9 274 неке, 2024 жылы – 9 627 неке. Ажырасқандардың саны айтарлықтай өсіп, 41,6%-ға көбейген. Барлығы 2 384 ажырасу актісі тіркелді.

Сонымен қатар әділет департаменті алимент төлеуден қашқандардың саны да едәуір өскенін мәлімдеді.

"Биыл 209 борышкер жауапқа тартылды, өткен жылы олардың саны 61 болған. Алимент бойынша берешегі бар борышкерлерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша шығуға шектеу қою туралы 4 910 қаулы шығарылған. Алты ай ішінде жеке сот орындаушылары алимент алушылардың пайдасына 600 миллион теңгеден астам қаражат өндірді", - деп хабарлады департаменттен. 

Сондай-ақ қарызды өтеу үшін алимент бойынша борышкерлерден алынған 6 автокөлік пен 11 жылжымайтын мүлік нысаны сатылды. 

Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы санағы: барлық ақпарат құпия сақталады