Бұл туралы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының басшысы мәлімдеді
Алматыда биыл 300 шақырым жолға орташа жөндеу жасалып, 30 шақырым тротуар жаңартылды. Бұл туралы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, осы жылы мегаполистегі 8 ауданның әкімдігімен жасалған келісімшарт аясында 509 инспекциялық тексеру жүргізілген. Соның барысында 1 мың 385-тен астам құрылыс материалының үлгісі іріктеліп, зертханалық сынақтан өткен. Қорытындысына сәйкес, 447 үлгі нормативтік-техникалық талапқа сай келмей, 154 құқық бұзушылық анықталған. Мәулен Әліповтың сөзінше, бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда төмен. Мәселен, 2022 жылы талапқа сай келмейтін материалдардың үлесі 50 пайыз болса, биыл ол 32 пайыз азайған.
«Бұл жұмыстардың аясында 3097 шақырым қалалық жүйені толық қамтып отырмыз. Биыл 800 шақырымын жасадық. Келесі жылға 2500 шақырымы қалып отыр. Одан кейін қалада әрі қарай қандай жөндеу жұмыстарын жүргізу керек екенін анықтаймыз», – деді Жол активтері сапасының ұлттық орталығы қалалық филиалының директоры Мәулен Әліпов.
Оқи отырыңыз: «Ләззат Асанова – Желтоқсан қаһарманы: Алматыда байқаудың қорытындысы шықты