Жастардың бойында отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруды көздеген сайыста 80-нен аса оқушы бақ сынады
«Ләззат Асанова – Желтоқсан қаһарманы». Алматыда тәуелсіздік құрбандарын еске алып, ерлігін дәріптеуге бағытталған байқаудың қорытындысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жастардың бойында отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруды көздеген сайыста 80-нен аса оқушы бақ сынап, зияткерлік қабілетін ортаға салған. Олар Ләззат Асанованың бейнесін заманауи тұрғыдан ашу үшін сахналық қойылым қойып, бейнеүзік дайындапты. Ал қорытынды іс-шарада сол істе өзгелерден ерекшеленген 15 жеңімпаз марапатқа ие болды. Оларға қаржылай сыйақы да үлестірілді.
«Ләззат Асанова – осы қазақтың, ұлттың қаһарман қызы. Бүгінгі іс-шарада біз Ләззат Асанованың ерлігін еске алып отырмыз. Қазақтың жас қыздарға үлгі, тәуелсіз ел болуымызға үлесін қоса алды. Мерекеге орай, ардагерлерімізге алғыс білдіреміз!» – деді оқушы Әмина Асқарбек.
«Байқауда мұралардың бірі – тарихпен, қазіргі жастар арасындағы ұлттық құндылықты, парасат жолын, елге қызмет адал азамат мақсатындағы іс-шарамен байланысып отыр. Тек желтоқсан оқиғасында ғана емес, ұлтқа, елге, жерге қызмет еткен, адал есте қалған азаматтар мен азаматшаларды еске алу мақсатында осындай шаралар жыл сайын ұйымдастырылса, жақсы болар еді», – деді философия докторы Phd, аға оқытушы Майра Мәлік.
Оқи отырыңыз: Түркістанда тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік тумен безендірді