Әдеби кешке қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатысты
Алматыда белгілі журналист, «Жетісу» радиосының жетекшісі, жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Әдеби кешке қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатысты. Басқосуда жуырда ғана «Меценат» әдеби сыйлығына лайық деп танылған туынды жан-жақты талқыланып, шығарманың көркемдік қуаты мен көтерген тақырыбы сараланды. Сондай-ақ басқосуда жылқы тағдыры арқылы көтерілген мәселелерді арқау еткен шығармаға қатысты сын-пікірлер де айтылды.
Айта кетейік, бұл Есболат Айдабосынның осы бағытта қалам тербеген алғашқы туындысы емес. Бұған дейін оқырман ықыласына бөленген «Сүлікқара», «Тұлпар серті» әңгімелері әдеби ортада жақсы бағаланған.
«Ат тақырыбында өзімде бар ақпаратты беріп болдым деп ойлаймын. Дәл қазіргі уақытта бұл тақырыпқа қайта келемін деген жоспарым жоқ. Бәлкім өмір сүру барысында тағы бір ерекше тағдыр иелері кездессе, қайтадан жазуым әбден мүмкін», – деді жазушы, журналист Есболат Айдабосын.
Оқи отырыңыз: Алматылық оқушы жер сілкінісін жасанды интеллект көмегімен тәулік бұрын болжамақ