Алматыда Есмұхан Обаевты ақтық сапарға шығарып салды

Фото: instagram
Фото: instagram

Есмұхан Обаев – қазақ театрының режиссурасын жаңа деңгейге көтерген тұлғалардың бірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақстанның халық артисі, көрнекті режиссер, профессор Есмұхан Несіпбайұлы Обаевпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды  Almaty.tv

Қаралы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, зиялы қауым өкілдері, шәкірттері мен марқұмның жақындары қатысты. Рәсім барысында Есмұхан Обаевтың қазақ сахна өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі мен ұлттық руханияттың дамуындағы рөлі ерекше атап өтілді.

Есмұхан Обаев ұзақ жылдар бойы еліміздің жетекші театрларында қызмет етіп, көркемдік деңгейі жоғары, мазмұнды қойылымдарымен көрерменнің ықыласына бөленді. Оның шығармашылық жолы ұлттық рух пен мәдени тәуелсіздік мұраттарымен тығыз байланысты болды.

«Есмұхан ағамыздың өмірлік ұстанымы мен шығармашылық мұрасы елдік мүддемен сабақтас болды. Оның жарқын бейнесі мен ғибратты ғұмыры ел жадында мәңгі сақталады», – деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды  көңіл айту жолдауында

Есмұхан Обаев – қазақ театрының режиссурасын жаңа деңгейге көтерген тұлғалардың бірі. Оның жетекшілігімен сахналанған классикалық және заманауи туындылар отандық мәдениеттің алтын қорына енді. Профессор ретінде өнер саласында бірнеше буын талантты шәкірттерді тәрбиелеп шығарды.

Оқи отырыңыз: Есмұхан Обаев – сахна мәдениетінің қалыптасуына үлес қосқан біртуар режиссер

Новости партнеров