Алматыда «Ғазалғұмыр» жыр жинағының тұсауы кесілді

Әділғазы Қайырбековтің 70 жылдық мерейтойына арналған жиында ғалымдар мен музей қызметкерлері, оқытушылар қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда белгілі қоғам қайраткері Әділғазы Қайырбековтің 70 жылдық мерейтойына арналған жиын өтті. Іс-шара аясында ақынның шығармашылығы дәріптеліп, еңбегі насихатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ғазалғұмыр» жыр жинағы мен мақалалары топтастырылған «Көк дәптер» және «Библиографиялық көрсеткіш» атты кітаптарының тұсауы кесілді. Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков ақынға Президенттің құттықтау хатын табыстап, төсбелгі тақты.

Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов бастаған жазушылар қосыны, академик Кенжехан Матыжанов бастаған зерттеуші, ғалымдар мен музей қызметкерлері, оқытушылар қатысты.

 «Бұл – 70 жасқа толуыма байланысты өтіп жатқан кеш, ақынның бенефисі. 70 жасқа дейінгі бітірген шаруама есеп беріп тұрған сияқтымын. Осы күні үш кітаптың тұсауы кесіледі. Библиографиялық көрсеткіш өте көлемді, маңызды болып шықты. Соған ризамын!» – деді филология ғылымдарының кандидаты, ақын Әділғазы Қайырбеков.      

«Әділғазы – қазақтың ерекше қалыптасқан өзінің стилі бар ғажап ақын. Ол қазақ әдебиетінің дамуына, қазақ филологиясының дамуына, сонымен бірге музей жұмысына көп еңбек сіңірген. Қазір ол Ғабит Мүсірепов пен Сабит Мұқанов атындағы музейдің директоры болып жұмыс істейді», – деді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов.

Оқи отырыңыз: Кітап – асыл қазына: Алматыда әдеби-танымдық байқау өтті

 

 

 

Новости партнеров