Алматыда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен балалар құқығы талқыланды

былтыр Алматыда 250-ге жуық мектеп психологының жалақысы көтерілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда балалардың құқығын қорғау мәселесіне арналған ведомствоаралық отырыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Жиынға мемлекеттік органдар, мәслихат депутаттары, құқық қорғаушылар мен сарапшылар қатысты. Басқосуда қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау, ведомствоаралық іс-қимылды күшейту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы талқыланды. Нәтижесінде жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныс әзірленді. Мәслихат депутаттары сала мамандарын әлеуметтік қолдау маңызды екеніне тоқталды.  Бұл ретте айта кетейік, Алматыда 250-ге жуық мектеп психологының жалақысы көтерілген.

«Өзекті мәселелердің бірі –  айлық. 2025 жылдың аяғында қаланың 250-ге жуық мектеп психологының айлығын көтердік. Мектепте 3000-2000 балаға бір психолог. Ол физикалық, моралдық тұрғыда үлгермейді. Сондықтан Алматы қаласының депутаттары комиссия құрып, психологтардың айлығын көтердік», – деді Алматы қаласы маслихат депутаты Қайрат Бегалин

Оқи отырыңыз: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жаңа салық енгізіле ме