Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті
Бүгін ТЖМ күштері Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Әуезов көшесінде орын алған өрт туралы хабарлама бойынша оқиға орнына жіберілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. Тексеру барысында бір қабатты құрылыс материалдары дүкенінің шатырында өрт болып жатқаны анықталды. Қалың түтін салдарынан өрттің ғимараттың шатыры арқылы жапсарлас салынған әкімшілік ғимаратқа өту қаупі туындады", - деп түсіндірді қалалық ТЖД өкілдері.
Өрт сөндірушілер өрттің шығу ошағын анықтап, жою үшін бензорездің көмегімен шатырды ашу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жапсарлас әкімшілік ғимаратты қорғау және өртті сөндіру үшін өрт сөндіру оқпандары берілді.
Жедел қабылданған әрекеттердің нәтижесінде дүкен иелерінің мүлкін сақтап қалуға мүмкіндік туды.
Оқиға орнында өртті сөндіру жұмыстарын ТЖД басшысы басқарды. Зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді