Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Ақорданың мәліметінше, Бейбітшілік кеңесіне қатысу мемлекеттердің дербес шешіміне негізделеді. Мемлекеттер Кеңес құрамына енгеннен бастап үш жыл мүше бола алады.

- Жарғыда айтылған 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшеліктің шарты болып саналмайды. Егер алғашқы жылда мұндай жарна төленген болса, мемлекет Кеңес құрамындағы мерзімін үш жылдан әрі ұзарта алады. Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіруге қандай да бір қаржы төлеген жоқ. Бұл Жарғы ережелеріне толық сай келеді, - деп түсіндірді Ақордадан.

Айта кетейік, кеше, 22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.

Оқи отырыңыз: Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін қолдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Новости партнеров