Алматыда қаза тапқан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Polisia.kz
Polisia.kz

Алатау аудандық Полиция басқармасында қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Қазақстан полициясының 33 жылдығына арналған идеялық-имидждік науқан аясында Алатау аудандық полиция басқармасында қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараға Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер, жеке құрам, қаза тапқан қызметкерлердің отбасылары, сондай-ақ қызметтік жолын енді ғана бастаған жас қызметкерлер қатысты.
"Заң мен тәртіп жолында жанын қиған әріптестерімізді еске алу жай ғана құрмет емес. Бұл ұрпақтар сабақтастығына негіз. Олардың ерлігі - жас қызметкерлер үшін өмірлік бағдар, қауіпсіздіктің қандай жолмен келгенін еске салу. Біз олардың есімдерін ешқашан ұмытпаймыз", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

Оқи отырыңыз: Заң және тәртіп: Бостандық ауданы тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетілді

Новости партнеров