Алматыда қазақ тілінің цифрлық болашағын айқындайтын ірі жоба таныстырылды

Бағдарлама қазақ тілінің мәдени, тілдік және көркемдік ерекшеліктерін ескеретін технология негізінде жасалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақ тілінің цифрлық болашағын айқындайтын ірі жоба таныстырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жасанды интеллектке негізделген Лардж Лангуидж Модэл жүйесінің алғашқы нәтижелері көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бағдарлама қазақ тілінің мәдени, тілдік және көркемдік ерекшеліктерін ескеретін технология негізінде жасалған. Жоба барысында ғалымдар мен инженерлер тобы түрлі тақырып, бағыт пен жанр бойынша ауқымды мәтін мен деректер жиынтығын құрып, технологияның алғашқы нұсқасын ұсынды.

Бұл жүйе офлайн және локалды режимде жұмыс істеп, кез келген платформа не қосымшада нейрожеліні қазақ тілінде қолдануға бағытталған. Воркшопқа еліміздің жетекші ғылыми ұйымдары мен IT-компаниялары қатысып, бағдарлама болашағы жайлы сөз қозғады. Мамандардың айтуынша, бұл бастама қазақ тілін цифрлық кеңістікте толыққанды қолдануға жол ашып, тілдің дамуына жаңа серпін бермек.

«Жасанды интеллект және соның ішінде үлкен тілдік модельдерді құру өте маңызды бағыт болып табылады. Бұл жұмысты Назарбаев университеті бастаған. Қазіргі кезде Qaz LM деген үлкен ұлттық модель бар. Осы жұмысты жалғастырып, біз соның аймағында, негізінде кішкене қысқартылған қарапайым қолданушыларға ыңғайылы түрде қолдануға мүмкіндік беретін жобаларды және қосымшалар жасап жатырмыз». – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Мадина Мансұрова.

«Әл-Фараби университетінде жобаның нәтижелерін бөлісіп жатырмыз. Бұл бастама Қазақстандағы жасанды жадының қолданылуын жаңа сатыға көтереді. Мұндай көрсеткіштерді талдап, пікір алмасу өте маңызды», – деді профессор Атакан Варол.

Оқи отырыңыз: Атырауда жол ережесін бұзған бойжеткендер жауапқа тартылды

Новости партнеров