Алматыда комиссия мүшелері мектептердің бірінде жүріп жатқан жөндеу жұмысын тексерді

Іргетасы 1972 жылы қаланған РФММ елдегі озық оқу орындарының бірі саналады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Құрылысы сағызша созылған». Бұл – Алматыдағы республикалық физика-математика мектебіндегі жөндеу жұмыстарының қарқынын бақылауға келген комиссия мүшелерінің пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іргетасы 1972 жылы қаланған білім ошағы елдегі озық оқу орындарының бірі саналады. Алайда ғимараттың әбден тозуына байланысты былтыр шілдеде күрделі жөндеуге жабылған. Бірақ құрылыс әлі бітер емес. Бүгін әкімдік өкілдері, мәслихат депутаттары және Қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған жұмыс тобы нысанды аралап, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Тексеру барысында қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, инклюзияға арналған жағдайдың жеткіліксіздігі және оқу кабинеттерін сапалы жиһазбен жабдықтау мәселесі назарға ілікті. Қазір нысанда ішкі әрлеу жұмыстары, жабдықтарды орнату және аула инфрақұрылымын ретке келтіру жүріп жатыр.

«Әріптестерімізбен бірге нысандағы бірқатар кемшілікке, жұмыстың кей жерде сапасыз жасалуына байланысты мердігерге ескерту жасадық. Бұның бәрі қайта қаралуы керек. Мектепті уақытылы тапсыру – басты мәселе болып қала береді. Учаскеде жұмысшы жетіспеушілігі де байқалады, бұл мәселені де көтеріп, мердігерге сұрақтар қойдық», – деді қалалық мәслихат депутаты Ералы Сауранбаев.

«Бұл құрылысқа әкімдік қомақты қаржы құйды. Бірақ жасалған жұмыстың сапасы оған сай болмай тұр. Нысан ай соңына дейін бітеді дегенге күмәніміз бар, өйткені шаруа әлі шаш етектен. Нормаға сай жасалмаған істі қайта ретке келтірсін деп хаттама жолдаймыз», – деді Қоғамдық кеңес мүшесі Рафаэль Гасанов.

Оқи отырыңыз: Автобус апаты: Астанада жүргізушісі қаза тапты

Новости партнеров