Алматыда көне Түркістан тарихына арналған кітаптың тұсауы кесілді

Саттар Мәжитовтың еңбегі 320 беттен, 10 бөлімнен тұрады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көне Түркістанның тарихын тың деректер арқылы танытатын бірегей кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматыкітап баспасынан» жарық көрген Саттар Мәжитовтың еңбегі 320 беттен, 10 бөлімнен тұрады.

Туындыға сирек кездесетін фотосуреттер мен архив құжаттары енгізіліп, тарихи тұлғалар мен құнды жәдігерлер туралы мәліметтер топтастырылған. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген.

– Бұл кітапта Түркістанның ежелгі заманынан бастап бүгінге дейінгі келбетін жаңа көзқараспен, осы күнге дейін ашылмаған дүниелер арқылы көрсетуге тырыстық. Ол тек мәтіндегі мәліметтермен шектелмейді. Сонымен қатар суреттер, архивтер мен мұражай қорларында сақталған артефактілер арқылы Түркістан тарихын көрсетуге тырыстық, – деді кітап авторы Саттар Мәжитов.

Айта кетейік, биыл көктемде бұл шығарма Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алты мемлекеттің басшысына естелік сый ретінде табысталған.