Алматыда медицина қызметкерлеріне жаңа Конституциядағы өзгерістер түсіндірілді

Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарына мамандардан нақты жауап алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жаңа Ата Заңдағы өзгерістерді білу – заман талабы». Бұл туралы Алматыдағы медициналық ұйым қызметкерлеріне арналған кездесуде айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жиында Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.

«Бұл түсіндіру жұмыстары – кезекті жоспарлы жұмыстардың бірі. Яғни, біздің департамент Алматы қаласындағы мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік сектор мекемелеріне, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарда, жоғары оқу орындары мен колледждерде осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін бұл жұмыс №12 қалалық аурухананың қызметкерлеріне түсіндіріліп жатыр. Ашық форматта медбикелер мен дәрігерлер тарапынан қызығушылық тудырған сұрақтар қойылып жатыр», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының басшысы Нұрлан Тілешәлиев.

«Еліміздің барлық өңірінде жаңартылған Ата Заңның мазмұны мен ондағы өзгерістер кеңінен түсіндіріліп жатыр. Бұл – алдағы Құрылтай сайлауына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі. Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну кезеңі аяқталды. Ал ендігі міндет – азаматтардың сайлау үдерісіне белсенді араласып, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға жауапкершілікпен қарауы», – деді Еркін Дүйсенов, заң ғылымдарының докторы.

Оқи отырыңыз: Президент жұмыс сапарымен Шанхайға барды