Алматыда медициналық ұйымдарға бақылау күшейтілмек. Өйткені, былтыр санитар мамандар қаладағы 70 мекемені тексеріп, бірқатар олқылықты анықтаған. Соның негізінде 131 айыппұл салынып, 7 әкімшілік іс сотқа жолданыпты. Жоспардан тыс та тексерістер жүргізілген көрінеді. Медициналық мекемелер ескертуді елеп жатыр ма? Жұмыстың нәтижесі қандай?
Осы және өзге сқрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Динара Бөлегенова жауап береді.
– Динара Бектұрсынқызы, былтыр Алматыда медициналық ұйымдарға жүргізілген тексеріс нәтижесінде қанша заң бұзушылық анықталды? Қандай шаралар қабылданды?
«Департаменттің бақылауында 3 мыңнан аса медициналық мекеме тұр. 2025 жылы біліктілік талаптарына сәйкес, сонымен қатар профилактикалық мақсатта 70 нысан тексерілді. Оның ішінде негізінен жоспарланған нысандардың саны біліктілік талаптарына сәйкес 69, тексерілгені мен қамтылғаны 52 нысан. Сонымен қатар профилактикалық мақсатта тексерілген нысандар саны 18. Қалғандарына объектінің нысаналы мақсатын өзгеруіне, объектіде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне, басқа да себептерге сәйкес тексерулер жүргізілген жоқ. Бұл мекемелерді тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар салынып, сонымен қатар сот органдарына материалдар жолданды. Ал егер заң бұзушылықтарға келетін болсақ – рұқсат құжаттарының болмауына байланысты, күрделі және күнделікті жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуіне байланысты, тазалықтың сақталмауына байланысты сияқты заң бұзушылықтарға жол берілген».
– Неге былтыр жоспардан тыс тексерістер көп болған? Бәлкім азаматтар тарапынан түскен шағымдар әсер етті ме?
«Иә, 2025 жылы 194 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның ішінде егер үлес салмағына келетін болсақ пайыздық мөлшерде, ҚР Бас прокуратурасының талаптарына сәйкес, тергеп-тексеру нәтижелерінің орындалуы бойынша, жеке және заңды тұлғалардың өтінішіне сайс тексерулер жүргізілді. Бірақ ол әдеттегідей, жылдағыдай үлес салмағы артқан жоқ».
– Тексерістен кейін салынған айыппұлдың барлығы өндіріп алынды ма? Бас тартқандар бар ма?
«138 хаттама толтырылған, оның ішінде 131-іне айыппұл салынды. Барлыға 100 пайыз өндіріліп алынды. Қалған материалдар бойынша ол сот органдарына жолданған хаттамалар болатын».
Оқи отырыңыз: Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді