Алматыда оқушылар арасында республикалық олимпиада өтіп жатыр

Басты мақсат – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілетін дамыту

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 9 – 11-сынып оқушылары арасында республикалық олимпиада өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Білім бәйгесінің қалалық кезеңіне 1200-ге жуық оқушы қатысып, бақ сынауда. Олар жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап береді.

Айта кетейік, олимпиада 4 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңдер – мектепшілік және аудандық. Одан кейін жасөспірімдер қала бойынша бақ сынап, республикалық кезеңге іріктеледі. Басты мақсат – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілетін дамыту. Іс-шара 3 күн бойы жалғасады. Жеңімпаздарға Алматы қаласы Білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдары табысталады.

Еске сала кету керек, байқау барысы YouTube әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл өз кезегінде жарыстың әділ өтуіне септігін тигізбек.

 «Олимпиада жылына бір рет өтеді. Жеңімпаз 11 сынып оқушыларына  университеттерден грант беріледі.  Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша Алматының университеттерінен грант берілсе, республикалық жеңімпаздар жан-жақтан грант иегері атана алады», – деді  «Алматы дарыны» Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының орынбасары Қаламқас Құсайынова.

«Қазақ халқының дәстүріне қатысты сұрақтар келді. Мен көп мәлімет бәлемін. Сол үшін сұрақтары оңай болды. Көп уақыт дайындалдым, бұл – өте маңызды сайыс. Өзімді көрсеттім», – деді оқушы Медина Құрманбекова.

Оқи отырыңыз: Алматылық оқытушылар кәсіби біліктілігін қалай арттырып жатыр

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров