Зардап шеккендер жоқ
Бүгін «112» пультіне Алматы қаласының Алатау ауданындағы Дарабоз шағын ауданында орналасқан 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері келген кезде пәтерлердің бірінің ас үй бөлмесінде 11-қабатта ашық жалынмен өрт болып жатқаны анықталды.
Құтқарушылар дереу барлау жұмыстарын жүргізуге, тұрғындарды құтқаруға және эвакуациялауға кірісті. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары баспалдақ маршы арқылы, құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, 10 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Сондай-ақ шамамен 100 адам эвакуацияланды.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
ТЖМ ескертеді: өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне дереу хабарлау қажет.
Оқи отырыңыз: Самокат тізгіндеушілерге қойылған жаңа талаптар қалай орындалып жатыр