Ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтауын жеткізді
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері және ҚР Қарулы күштері Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Иванович Долбняны 98 жылдығымен құттықтады.
Оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің құттықтауын жеткізді.
«Әскери қызметшілер майдангерге соғыс жылдарында көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін, сондай-ақ Отан игілігі үшін көп жылғы еңбегі үшін шын жүректен алғыс сөздерін білдірді», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда ТЖМ күштері асхана шатырынан шыққан өртті сөндірді