Кездесуде жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселесі талқыланды
«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Архитектура, дизайн және инженерия колледжімен бірлесіп студенттермен «Заң және тәртіп: құқықтық мәдениетті нығайту және азаматтық жауапкершілікті арттыру» тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара спикерлері мен сарапшылары:
Кездесу барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, зиянды әдеттердің профилактикасы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз қоғам құру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелеріне ерекше назар аударылып, онда адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, заңның үстемдігі және азаматтың жеке жауапкершілігі негізгі қағидаттар ретінде айқындалғаны атап өтілді. «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру әрбір жас азаматтың құқықтық санасынан басталатыны ерекше айтылды.
Оқи отырыңыз: Кәсіпкерлерге жаңа талап: сөрелерде отандық өнім үлесі артады