Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), дәмқосқыштар мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тыйым салынған өнімді сату Telegram мессенджерінде «ESCOBAR OPTOM» атауымен жүргізіліп, курьер арқылы жеткізіліп отырған.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды.
"Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін еді. Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылған. Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары электронды сигареттерді әдейі жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген", — делінген ҚМА хабарламасында.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам зардап шекті