Былтыр олар 105 адамды қауіптен құтқарылып, 250-ден астамын қауіпсіз жерге көшірген
Алматыда 200-ден астам Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері арнайы марапатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өткен салтанатты іс-шарада қызметтегі табандылығы мен қайтпас қайсарлығы үшін өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға түрлі дәрежедегі «Мінсіз қызметі үшін» төс белгісі табысталды. Антына адал жандардың жанкештілігі мен қажырлы еңбегін ұлықтауға бағытталған жиынға төтеншеліктер, гарнизон қызметкерлері және азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.
«Алматы қаласы «Азаматтық қорғау» органдары мінсіз қызметі үшін жұмыскерлерді марапаттады. Министірлікке және департаментке, мыңда бір алғыс. Әріптестерімді құттықтаймын, бұл – ұмытылмас сәт!» – деді Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қайрат Бекәлиханұлы.
Айта кетейік, өткен жылы тауға шығатын құтқарушылар мен медициналық бригадаларды қоспағанда, Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері 4000-нан астам шақыртуларға шыққан. Нәтижесінде 105 адам қауіптен құтқарылып, 250-ден астамы қауіпсіз жерге көшірілген.
Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті