Қар тазалау жұмыстарына 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылған
Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қар тазалау жұмыстарына 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Ал өндірістік базаларда жүргізушілер, механизаторлар мен жол жұмысшыларының кезекшілігі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 арнайы техника мен 244 адамнан тұратын жеке құрам жұмыс істейді. Ал аудан әкімдіктерінде атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысын бақылау мақсатында тәулік бойы кезекшілік атқарылады.
«210-нан аса реагент себетін арнайы техникаларымыз жұмыс жасап жатыр. Қазір қаланың барлық көшелерінде және жаяу жүргінші жолдарында тайғаққа қарсы реагенттер себілді. Аулаларды тазалау жұмыстары толығымен жүргізілуде, ұйымдастырылған. Оған 250-ден астам арнайы техника мен 1700-ден аса жұмыскер тартылған», – деді Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Есбол Күребай.
Оқи отырыңыз: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады