Олардың қатарында қазақ қызы да бар
Алматыда Қазақстанның экономикасын дамытуға үлес қосып жүрген Үндістанның белді бизнес өкілдері марапатталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Талай жылдан бері өз елінде бөлшек сауда, инфрақұрылым, өндіріс пен әлеуметтік қамсыздандыру секілді бағыттарда жетістікке жеткен олар бүгінде тәжірибесін қазақстандық кәсіпкерлермен бөлісіп жүр. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау, заң және білім беру саласының майталмандары да сый-сияпатсыз қалмады. Марапатталғандардың ішінде талай жанның дертіне дауа іздеп, шет елде айығып кетуіне себепші болып жүрген қазақ қызы да еңбегінің лайықты бағасын алды. Мұхиттың ар жағында медициналық компания ашып, аты жаман ауруға душар болған азаматтарға жол сілтеп жүрген Гүлжазира Үргешбай Үнді елінің ең беделді кәсіпкерлерінің қатарынан көрінді.
«Барлығы Үндістанның азаматтары мен азаматшалары. Соның ішіне мені олар қолқа салып енгізіп отыр. Себебі, олар мені Үндістанда бірнеше жылдан бері кәсіби жұмысымды және өзімнің қазақтарыма адал қызмет жасағанымды көріп, мені құрметпен шақырып отыр. Өзімді хирург боламын деп елестеткен едім. Бірақ әкемнің арманымен тергеуде істедім. Аллаға шүкір, қазір мен ол жұмыста да үлкен марапаттарға ие болдым. Қазір өзім сүйіп бола алмай қалған мамандығым бойынша марапат алып жатырмын», – деді медициналық компанияның негізін қалаушы Гүлжазира Үргешбай.
Оқи отырыңыз: Алматыда 10 энергетикалық жоба іске асырылады