Іс-шара Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған
Алматыда "Жылдың үздік инновациялық жобасы" және "Үздік жобалық менеджер" конкурстарының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған. 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту "Жол картасы" аясында қаладағы 35 балабақшаның меңгерушісі шет елде тағылымдамадан өткен. Олардың 25-і Сингапурға, 10-ы Ұлыбританияға барып, тәжірибе алмасып келді. Нәтижесінде халықаралық стандартқа негізделген "Қайта жүктеу: халықаралық деңгей" аймақтық жобасы іске асырылған. Конкурс мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инновациялық жобаларын қолдауға және жетекшілердің басқару саласындағы кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
"Былтыр меңгерушілер екі елге барып келді. Қазір 31 жоба жасалды. Қарашада республикалық конференция өткіздік", – деді Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы Әлия Сағиева.
Оқи отырыңыз: Ұлттық ғылым академиясы жаңа мүшелерімен толықты