Ұлттық ғылым академиясы жаңа мүшелерімен толықты

Алматыда жаңа сайланған академиктерді ресми таныстыру рәсімі өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық ғылым академиясының құрамы толықты. Алматыда жаңа сайланған академиктерді ресми таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты іс-шараға Ғылым және жоғары білім вице-министрі мен қала әкімінің орынбасары қатысты. Аталмыш жиынның маңызы зор, себебі отандық ғалымдардың жетістіктері ел дамуына айтарлықтай үлес қоспақ.

"Ғылымның бес бағыты бойынша Қазақстанға ғана емес, шетелге танымал үздік ғылыми нәтижелері бар, өндіріске енгізген ең мықты ғалымдарымыз академиктер қатарына қосылды. Мемлекет басшсының тапсырмасына сәйкес, ғылым, технология – Қазақстанның экономикасының драйвері деген ұғымды ары қарай жалғастырады", – деді ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА Ғылым орталығының директоры Қуантар Әлиханов.

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы – түрлі білім салаларындағы жетекші ғалымдар мен зерттеушілерді біріктіріп отыр. Ол ғылым, технология және инновацияларды дамытуда маңызы рөл атқарып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етуде. Жаңа академиктердің құрамы дауыс беру нәтижесінде анықталған.

"Сайлау өте әділ болды деп ойлаймын, бір айдан аса уақыт алды. Сайланғандардың қатарынан менің де есімім аталды, қуаныштымын", – деді академик Бағдат Телтаев.

Оқи отырыңыз: 2024 жыл Қазақстан үшін қандай болды

Новости партнеров