Алматыда зағип жандар арасында байқау өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты – зағип жандардың өнерін қолдау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда зағип жандар арасында ән мен вокалдан байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған сайыста 14 қатысушы бақ сынап, қазақ және шет тілдеріндегі туындыларды орындады. Қазылар алқасы олардың өнерін түрлі бағыт бойынша бағалап, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тарту етті. Алдағы уақытта көзге түскен таланттар қалалық деңгейдегі мәдени жобаларға қатысады. Мұндай іс-шараның негізгі мақсаты – зағип жандардың өнерін қолдап, олардың қоғамда белсенділігін арттыру.

«Бұл – қоғамдағы зағип жандардың арасындағы екінші рет өткізіліп отырған конкурс. Келесі жылғы мақсат – филиалдардың арасында республикалық байқау ұйымдастыру», – деді  «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ Алматы қалалық филиалының басшысы Алтынай Ибрагимова.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында марқұмдардың атына 31 мың 500 гектар жер телімі тіркелген

 

Новости партнеров