Марқұмның туыстары батылдық танытып, донорлыққа келісім берген
Ақтауда алғаш рет қайтыс болған адамнан ағза алынды. Донор жүрегі бір адамның өмірін жалғап, ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Трансплантацияны үйлестіру орталығының мәліметінше, 45 жастағы ер адамнан ми өлімі анықталғаннан кейін, барлық тиісті рәсімдер жүргізілген. Марқұмның туыстары батылдық танытып, донорлыққа келісім берген.
Бұл шешім – бірнеше адамның өмірін құтқаруға сеп болған көрінеді. Маңғыстау өңірінде мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр. Мамандардың айтуынша, әлемдік тәжірибеде, бір мәйіт донорлығы алты жанның өмірін арашалап қалуға мүмкіндік береді.
«Кардиохирургтар мен трансплантологтардың бірлескен жұмысының арқасында өңіріміздегі алғаш мәйіт донорлығы арқылы операция сәтті өтті. Бұл – өңір үшін тарихи оқиға. Науқастың өмірі үшін бұл донорлық жүрек өте маңызды болды. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады деп сенеміз», – деді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының директоры Берік Қаунов.
Оқи отырыңыз: Алматыда зағип жандар арасында байқау өтті