Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Іс-шараға қатысқан 100 жұмыс беруші 400-ден астам вакансия ұсынды
Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған 100 жұмыс беруші қатысып, өндіріс, құрылыс, сауда, қызмет көрсету және басқа да салалар бойынша 400-ден астам вакансия ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қатысушылар 2 қолға бір күрек тауып қана қоймай, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары мен оқыту бағдарламалары жөнінде кеңес ала алды. Мұндай жәрмеңке қаламызда жылына екі рет ұйымдастырылады. Нәтижесінде 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Бүгінгі іс-шараға 3 мыңнан астам азамат қатысты. Олар жұмыс табады деп үмтенемін. Компаниялар да іздеген жұмысшыны табатынына сенеміз», – деді Мансап орталығының директоры Алтынай Жүкенова.
Оқи отырыңыз: Мемлекет қажетіне алынады: Қостанайдағы саяжай тұрғындары баспананы әділ бағалауды талап етіп отыр